Тақырыбы: «Балалық шақтың жарқын болашағы»
Мақсаты: Балаларға бейнелеу өнерінің қыр-сырын жан-жақты үйрету. Олардың дүниетанымын, эстетикалық талғамын кеңейту. Ұлттық мәдениет құндылықтарын бойларына сіңіре отырып, тұлғалардың тапқырлығын, шеберлігін, танымдық қабілеттерін айқындау. Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылдыру. Балаларды туған жерін, елін, Отанын сүюге, қазақ елінің ұлттық нышандарын қастерлеуге тәрбиелеу Сурет салу дағдысын, логикалық ойлау, еске түсіру, елестету қабілеттерін және шығармашылығын арттыру.
Түрі: дәстүрден тыс
Әдісі: топтық сайыс, сұрақ-жауап, топпен жұмыс, құрастыру, тақырыпқа сурет салу.
Құрал-жабдықтар: плакат, қарындаштар, қайшы, желім, акварель бояулары, қылқалам.
Сайыстың барысы:
Армысыздар құрметті ұстаздар, байқауға қатысушы бүлдіршіндер!
Бүгінгі Балдырған бөбекжай-бақшасының топтар арасындағы «Балалық шақтың жарқын болашағы» атты сурет байқауына қош келдіңіздер.
Жүзден жүйрікті, мыңнан тұлпарды анықтайтын әділқазы алқасымен танысайық.
- Балабақша әдіскері Г. Асканбаева
- Музыка жетекшісі Т. Мантекова
- Дене шынықтыру нұсқаушысы З.Каркетерова
Адам меңгермейтін білім бар ма?
Жойқын күшті тындырар күшің барда.
Оқы, үйрен, жас ұрпақ, бәрін меңгер
Алға қойған мақсатың, ісің барда! – деп сайысымызды бастаймыз.
Ендеше сіздердің суретке деген құштарлықтарыңызды дәлелдейтін байқауымызды бастаймыз.
Байқаудың кезеңдерімен таныстырып өтейін:
- «Кім шапшаң, кім жылдам»
- «Айырмашылығын тап»
- «Сан сұраққа саяхат»
- «Сурет сайысы» (топпен жұмыс)
Кім жылдам табады,
Заттардың бейнесін.
Бір-бірімен суреттер,
Табу керек үйлесім.
Быт-шыт болып шашылған
Құрайды екен кім жылдам? – деп
сайысымыздың
1- кезеңі «Кім шапшаң, кім жылдам» кезеңіне береміз. Қиылған суреттерді құрастырып, ненің бейнесі екенін табу.
2-кезең әр топқа сурет беріледі. Олар суреттегі айырмашылықтарды тез тауып, қазылар алқасына көрсетуі қажет.
3-кезең додекаэдрды лақтыру арқылы сұрақтаға жауап беру
4-кезең Сурет салу
Отанымызды,елімізді,жерімізді,заңымызды,рәміздерімізді құрметтеуге және патриоттық сезімімізді нығайта түсуге тырысайық.Туған жер деген киелі ұғымды құрмет тұтуға, оны қастерлеуге міндетті екенін ұмытпайық.
«Ел ерімен мақтанар,жер кенімен мақтанар» деген,елімізді қорғар ер-азаматтар,асыл ұрпақтар, тәрбиелі ұл-қыздарымыз молая берсін.
Елімізде мәңгі тыныштық,бейбітшілік болсын!