«Балдырған» санаторлы бөбекжай бақшасы
Алтын күз
Тәрбиешілер: Мамбетбаева Ж.Е.
Аязбаева Г.Ж.
Тақырыбы: «Алтын күз»
Мақсаты: Күз мезгілінің өзгерістерін ұғындыру, мерекелік көңіл-күй орнату. Балаларды ән
салуға, би билеуге деген ынталарын арттыру.
Музыка ойнап, әсем безендірілген залға балалар келіп кіреді.
1Жүргізуші:
Қарсы алайық бәріміз,
Жасымыз бен кәріміз.
Қырдан кепті қыдырып,
Алтын күз бізге нұр төгіп.
2Жүргізуші:
Бүгін мейрам, бүгін той
Қуаныш күн, біліп қой
Күзгі бақта сыңғырлап
Алақанды ұрып қой.
Армысыздар балалар мен ата-аналар, қадірлі қонақтар! «Алтын күз» атты ертеңгілігімізге қош
келдіңіздер!
1Жүргізуші: — Ал, балалар, балалар,
Енді бері қараңдар.
Бізге қонақ келмекші
Сендерді бір көрмекші.
Әуелі жұмбақ жасырам,
Қулығымды асырам.
Таба алсаңдар шешімін,
Қонағымды дәл ортаға шақырам.
Музыкамен ортаға «Күз» ханшайымы кіреді
1Жүргізуші: «Күз» ханшайымы келіңіз, төрлетініз біздін балаларымыздың өнерін көріңіз
Ән: «Күз келіпті далада»
Ойын: «Шалқан» еретегісінің қойылымымен балалар ойнап шығады.
2Жүргізуші:
Шаршауды білмейміз,
Көңілді би билейміз.
Әсем сазды ән салып,
Би билеуге дайынбыз.
Би: «Қолшатырлар»
Тоқтаңдар, тоқтаңдар! Нұркамила:
Бойымнан әл құрып
Көздерім бұлдырап
Басым айналып барады!
Енді, енді не етеміз?! Алижан
Камилаға қалай көмектесеміз?
Сабыр сақта, саспайық Алихан
Дәрігер шақырайық!
Жо - жоқ! Дәрігер керек емес! Нұркамила:
Қазір өзім тұрамын тез!
Онда дәрі ішіп ал,
Менде міне, көп дәрі бар! Ясмина
Ауырмау үшін суық суға шомылу керек
Бұл - дәлелденген рецепт! Жасмина
Ах! Ясмина
Бәрі бірге: Дәрігер, дәрігер! ("Жедел жәрдем" машинасының дыбысы естіледі. Дәрігер киімін киген бала келеді)
Мені неге шақырдыңдар, Айша
Қандай шағым, арыздар бар?
Бәрі бірге: Камилаға дәрігерлік көмек керек!
Қазір қарап шығайын, Айша
Неден ауырғанын ұғайын... (Фонендоскоппен кеудесін тыңдайды)
- А - а - а - деп қане, аузыңды ашшы...... (Тексереді)
Тістерің орнында, тамағың іспеген
Қол - аяғың әлсізденген
Қызуың ыстық екен
Білдім, неден ауырғаныңды...!
Жеткілікті мөлшерде ағзаңа
Дәрумендер жетіспеген!
Мадина: Енді не істеймін? Нұркамила:
Дәрумендер табиғи болғаны дұрыс, Айша
Көп - көп көкөніс, жемістер жеуге тырыс!..
Бәрі, бәрі, бәрі де, Әлібек
Денсаулыққа пайдалы,
А – дәрумені көзге,
В – дәрумені жүйкеге.
С – дәрумені сүйекке.
Мұнын барлық түрлері
Табылады, көкөніс пен жемісте
Асханадан шықпаймын, Жасмина
Атым қалай,ұқпаймын.
Көзден жасты шығарып,
Тұмаудан бірақ сақтаймын.
Өсіретін бойыңды, Айым
Дамытатын ойыңды,
Қоянға да азықпыз –
Кіммін мен,қане тез табыныз?
Бақшаларда тізіліп,
Қаперсіз мен жатамын.
Қабат - қабат киініп,
Қане қалай атандым? Ахмет
Иісім жұпар аңқыған,
Бақшадағы шырынмын.
Жеп көргендер тамсанған –
Балдай тәтті ...(қауынмын) Абдулла
Қане – біздің атымыз,
Жер астында жатырмыз.
Бір тамырдан тараған –
Ағайынбыз бәріміз. (картоп) Кәусар
Келді міне күз, Алижан
Айнала сары түс.
Керемет, тамаша,
Қандай әсем күз.
Жүзім пісті бір-бірлеп, Алихан
Үзіп мәзбіз біз енді.
Қоңырауы күмбірлеп,
Міне алтын күз келді.
Келді міне күз, Раяна
Айнала сары түс.
Керемет, тамаша,
Қандай әсем күз.
Сап - сары маңай, Батырлан
Сап - сары тоғай.
Соңғы әнін айтып,
Құс кетті қайтып.
Күзім-ау, күзім-ау! Нұралы
Мінезің бұзық-ау
Жаңбырың сіркіреп,
Келгенің қызық-ау!
Тал шыбығым бұралып, Әміржан
Бақшаларда қызарып,
Тұрған ол мен – қызанақ,
Күнге қарап ұялып.
Сап - сары маңай, Еларыс
Сап - сары тоғай.
Соңғы әнін айтып,
Құс кетті қайтып.
Қамба толды астыққа Ясмина
Алғыс саған алтын күз.
Бір уыс дән шаштық та,
Қап - қап қауын алдық біз
|
|
Алақай ау алақа Аянат
Шаттанды балақай
Күз түсті,дән пісті
Бақшамызда өседі, Асылым
Керек тағам деседі.
Бар қызыл, көк, сарысы
Ащы-тұщы бәрісі.
Көрсең егер бақшада Фариза
Доп екен деп қалма.
Шөл қандырар қарбызбын,
Ерте үзіп алма!
Би: «Саңырауқұлақтар» (ер балалар)