Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Жүгіру жолы

Қош кедің, берекелі Алтын күз!

Мақсаты: Күз туралы түсініктерін кеңейту. Балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау. Күз мезгілінің ерекшеліктерін түсіндіру. Күз өнімдерімен таныстыру, олардың ағзаға пайдасын түсіндіру. Мерекелік көңіл – күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс - әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру. Шығармашылық ой - қиялдарының дамуына ықпал ету. Достарымен жақсы қарым-қатынаста, тату болуға тәрбиелеу.

Безендірілген залға балалар қолдарында жапырақтарымен кіреді.

Жүргізуші:  Армысыздар халайық,

                       Бармысыздар халайық?

                       Ғажайып күзді баршамыз,

                       Келіңдер қарсы алайық.

 «Қош кедің, берекелі Алтын күз!» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

Қараңдаршы балалар, бүгін сендермен сиқырлы күзгі орманға серуендеп келдік, қандай әдемі! Айналада қанша түрлі-түсті жапырақтар. Осындай әдемілікті  күз сиқыршы  жасаған болар.

Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп тұр.

«Көк майсалы көрікті, алқаптағы көп егін
  Бұл күндері киіпті, сары жібек көйлегін» - Бұл не, балалар? (Күз мезгілі)

Күз - жылдың өте әдемі мезгілі. Айналаның бәрі ертегідегідей жарқын, әсем. Керемет!

(ендеше, күз мезгіліне арнаған өлең шумақтарымызды тыңдайық.

Ақнұр: Алақай! Алақай!

              Шаттанды балақай!

              Күз түсті, дән пісті.

             Айтамыз алғысты.

Береке: Сап - сары маңай,

              Сап - сары тоғай.

              Соңғы әнін айтып,

              Құс кетті қайтып.

Альмира: Қамба толды астыққа

                  Алғыс саған алтын күз.

                  Бір уыс дән шаштық та,

                  Қап - қап астық  алдық біз.

Жүргізуші: Балалар, бізге біреу келе жатқан сияқты? Аяқтың дыбысын естіп тұрсыңдар ма? Жапырақтар арасына тығылып қалайық, бізді байқамай қалсын. (балалар қолдарындағы жапырақтармен беттерін жауып жасырынып қалады.)

Орманшы: Сыпырғышымен жапырақтарды сыпырып, әндетіп көңілді келеді.

                     Не деген көп жапырақ?

                     Сыпырып, жинап тастайын.

                     Қонақ келсе, ұят болар

                     Күзгі орман неткен әдемі. (Желдің дыбысы есіліп тұрады. Балалар қолындағы жапырақтарын желпілдетіп ұшқандай қимыл жасайды. Желдің дауысымен балалар ары-бері ұшады.

Орманшы: Мына мазасыз желді ме – деп ренжиді. (Жапырақтарын жоғарыға көтеріп, желпіп тұрады) Сол кезде жапырақ ұстаған балаларды байқап қойған орманшы балаларды  қуалай жөнеледі. (Балалар орындарына кеп отыра қалады.)

Орманшы:Міне орман іші шашылған жапырақтардан таза болды жиналып, керемет!

-Ой,  мына жерде жапырақтар емес, балалар екен ғой.

-Сендер қайдан жүрсіңдер?

Балалар: -Біз сіздің сиқырлы, әдемі орманыңызға серуендеп, саңырауқұлақ, жемістер теруге келдік. Орман іші сондай тамаша екен.

Орманшы: Олай болса сиқырлы орманға қош келдіңдер!

Орманшы: Қазыр жемістер жоқ. Олар жазда пісіп, кішкентай орман тұрғындары теріп жеп алған. Қазыр саңырауқұлақтар пісіп жатыр. Оларды мен тиін, тоқылдақтар қыста  жесін деп жинап кептіріп жатырмын. Оларға қыста азық табу қиын.

Балалар: -Орманшы атай, мына орман жапырақтарын сіз үнемі осылай сыпырып жүресіз бе?

Орманшы: -Әрине.

Балалар: -Жүріңдер, орманшы атаға жапырақ жинасып көмектесейік. (балалар екі топқа бөлініп, шашылған жапырақтарды жинап жарысады)

Күз ханшайымы:  Тілегім аман болсын ел іргесі,
                                  Алтын күз қайта келді берекесі.
                                  Молшылықтың жаршысы бола білді,
                                 Алтын күз-ырыс,береке,бірлік ала келді.

  1. Шөп сарғайып, өңі тайып,

   Дала сұры қашады.

   Бой жаза алмай, ойнай алмай,

  Денең мұздап тоңады.

  Бөбектерім айтыңдаршы,

  Бұл қай кезде болады?   (Күз).

2 -Балалар қазір жылдың қай мезгілі? Күз мезгілі.

3-Күз мезгілінің қай айы. Қазан айы.

Дұрыс айтасыңдар балалар. –Мінекей күз де келіп жетті.

4-Күзде қандай өзгерістер, құбылыстар болады.

Жаңбыр жиі жауады, күн суыта бастайды, адамдар жылы киінеді, құстар жылы жаққа ұшып кетеді.

Ойын: Мақалды аяқта

  1. Еңбек түбі--------------------
  2. Еңбек етсең ерінбей----------------- .
  3. Адам жерге нәр береді,

  Жер адамға----------------

  1. Алтын, күміс ---------------

    Арпа, бидай ----------- .

Жүргізуші:  Әсем әуен салдырған,

                      Сәбилер де алғыр жан.

                      Әуелетіп, әндетіп,  

                      Ән шырқатқан балдырған.

Хор: «Күз келіпті деседі»

Айша: Көк майсалы көрікті

           Алқаптағы көп егін

           Бұл күндері киіпті

           Сары жібек көйлегін.

Күз ханшайымы: Балалар, керемет. Сендер мақалды жақсы біледі екенсіңдер.

Жүргізуші: Балалар, Күз ханшайымына керемет тақпақтарымызды айтып берсек қалай қарайсыңдар?!

Ерасыл:  Жел тынымсыз гуілдеп,

                Болып кетті тым бұзық.

                Шуылдайды тал, терек,

                Жапырағын жұлғызып.

Күз ханшайымы: Балалар, сендермен ойын ойнағым келіп тұр.

Жүргізуші: Ойын ойнап, ән салмай,

                      Өсер бала болар ма?!

Ойын: «Мен анамның көмекшісімін» (тосап қайнатады, қияр, қызанақ жабады)

Әли: Берекесін сыйлауға,

          Өлкемізге күз келді.

          Жемістерін жинауға,

          Шақырады біздерді.

Жібек:  Ақтарады мырза күз,

              Уылжыған жемісті,

              Күзге бізде ризамыз,

             Аянбаған ел үшін.

Жүргізуші: Кездескен соң күзімен,

                     Бұтағынан үзілді.

                     Ай жапырақ-сары алтын

                     Айналанын бәрі алтын – деп биші қыздарымызды ортаға шақырамыз.

Би: «Биші жапырақтар»

Дания:  Қоңырқай  күз келді, күз келді

              Жапырақ жауыпты іздерді.

              Құс біткен керуен тізеді,

              Қара бұлт қабағын түйеді.

Нрали:  Көрініп еліме,

               Күндері мереке.

               Келді ғой жеріме,

               Күз дейтін мереке.

Бинұр: Күзде дала жаурайды,

              Көкте бұлттар аунайды.

              Бұтағынан үзіліп,

              Жапырақтар саулайды.

Ердаулет:  Алқаптан бидайды

                    Қоймаға ел жинайды.

                    Тырнасы тізілген,

                    Ұнатамын күзді мен.

Хор: «Көңілді жаңбыр тамшылары»

Каусар: Ән салыңдар күліңдер

               Жайнап гүлдей жүріңдер.

              Күздің тойын тойлайық

              Би билейік, ойнайық.

Мейіржан:  Күздің қазан айында

                     Алма, алмұрт піседі.

                     Жапырақтар сарғайып,

                     Сыбдыр - сыбдыр етеді.

Мади:  Алтын, сары, қызыл, көк,

             Алуан – алуан жапырақ.

             Күзгі бақта күлімдеп,

             Көз тартады атырап.

Күз ханшайымы: «Берекелі бақ дәулет,

                                Арта түссін тойланып.

                                Сау болыңдар балалар,

                                Келгенше жыл айналып» - деп орманшы екеуі қоштасып шығып кетеді.

     Құрметті балалар, қонақтар бүгінгі «Қош кедің, берекелі Алтын күз!» атты ертеңгілігімізді аяқтай отырып, күз берекелі, астығы мол, дастарханымыз толы нан болсын – деп бүгінгі кешімізді аяқтауға рұқсат етіңіздер.