Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Жүгіру жолы

МКҚК «Балдырған» бөбекжай -бақшасында 1-наурыз Алғыс айту күніне орай өткен

іс-шаралар туралы ақпарат.

 

   Ағымдағы жылдың ақпан айының 17-22 аралықтарында 1-наурыз Алғыс айту күніне орай түрлі іс-шаралар  ұйымдастырылып өтті. Іс -шараларға балабақшаның барлық 260 тәрбиеленушілері мен 25 педагогтары және ата-аналар қатысты. «Рахмет айту туған жерге ...», Алғыс айту күніне үздік баталар байқауы, «Біз ата-аналарымызға алғысымызды айтқымыз келеді», «Біз ата-аналарымызға алғысымызды айтқымыз келеді», «Еңбек ерлікке бастайды» Ардагерлермен кездесу кеші, «Алғыс айту парызым»  атты іш-шаралар өтті. Алғыс адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, жылы сөзі. «Жақсы сөз- жан азығы»  демекші балалаларға Отанын, елін, жерін, ата-анасын, достарын сүюге; үлкенге құрмет,  кішіге- ізет, мейірімді болуға, әдептілікке, мейірімділікке   тәрбиелеу, алғыс айтуға уйрету,  жүрек лебіздерін қағаз бетінде көрсете білуге тәрбиелеу мақсаттарында  ұйымдастырылып  өтті.  Балалар жүректерінен шыққан жылы лебіздері мен алғыстарын көрерменге жеткізе білді. Балалар қолөнерінен көрме (коллаж) ұйымдастырылып, шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Ата-аналарға арналған бейне түсірілімдерді де әрбір топ түсіріп бейнеролик жасады. Еңбек ардагерлеріне деген қызығушылықтарын ояту, еңбектің жемісі қандай екендігін сезіндіру, мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсаттарында   балалар ауданымыздың еңбек ардагерлерімен кездесіп, алғыстарын айтып сұқпаттасты. Қонақтарға балалар өз өнерлерін тарту етті. Әр топ тәрбиеші осы тақырыпта тақырыптық ұйымдастырылған іс-әрекеттерін өткізді. Қорытынды кезеңде ересек, мектепалды даярлық топтарының қатысуымен «Алғыс айту парызым» атты ертеңгілік өтті. Мереке қарсаңында өткен іс-шаралардың барлығын балабақша инста, фэйсбук парақшаларында жарияланып отырды.