Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Жүгіру жолы

«Төрле, төрле, Жаңа жыл! »

Тақырыбы: «Төрле,  төрле, Жаңа жыл!»

Жүргізілген топ-«Балауса» Ересек тобы
Ертеңгіліктің мақсаты:

Жаңа жыл туралы тақпақтарды айтқыза отырып, олардың өткен жыл мен келер жыл туралы білімдерін тиянақтау. 
Балалардың есте сақтау қабілеттерін дамыту, ой өрістерін кеңейту.Көпшілік ортада өзін тәртіпті, инабатты ұстауға тәрбиелеу. 

Жүргізуші:Құрметті ата- аналар балалар ,қонақтар!Сіздерді жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз Жаңа жыл жаңа өмір, әрбір шаңыраққа құт-береке ырыс алып келсін. Әрқашан той болсын дей отырып біздің «Төрле, төрле -Жаңа жыл!»атты ертеңгілігімізді бастаймыз!

Шырша жаны көңілді
Билеп барлық бала жүр
Дала нұр қала нұр
Құтты болсын жаңа жыл!
(Балалар музыка әуенімен музыка залына кіріп, орындарына отырады.)
Жүргізуші: Балалар қараңдаршы бүгін біздің музыка залы қандай әсем безендірілген, сұлу шыршамыз да тұр жараса. Сендер де әдемі болып киініп келіпсіңдер!

Жүргізуші: Әсем шыршамыздың жанында тұрып  Ән  шырқайықшы.

Ән: «Ақ қоян»

Жүргізуші: Балалар мен  сендердің білімдерінді тесеріп жұмбақ жасырғым келіп отыр.

Жұмбақ.

Бір ақсақал жылына

Бір-ақ рет келеді.

Көп қызы мен ұлына

Сыйлық әкеп береді.
Жүргізуші: Балалар бәріміз Аяз атамен Ақшақарды шақырайық.
Қоңырау үні сыңғырла
Аяз ата мен Ақшақар
Біз сендерді сағындық
Тез келіңдер ортаға.

(Осы жерде ортаға Аяз атамен Ақшақар ән айта жүріп ортаға келеді.)
Аяз ата:

Армысыңдар балалар,
Бармысыңдар балалар
Құтты болсын мереке
Құтты болсын жаңа жыл!
Ақшақар:

Аспан жерге төгеді
Ақшақармын сүйкімді
Сол себептен барлығы
Мені жақсы көреді.
Аяз ата:

Мына, әсем шыршаның шамдары сөніп қаптығой, қане барлығымыз шамдарын жағайық!

Тауда туып, тауда өскен
Шырша келді ортаға
Бәріміз бір дауыспен
Дейік енді шыршаға
Қуант бізді таңырқат
Шамдарынды жарқырат!

(Үш рет қайталайды, шыршаның оттары жанады.)

Аяз ата біздің өнерімізді тмашалап отырыңыз.

Ән: «Шырша жыры»

Жұмбақ

Қыста ғана болады,

Ұстасаң қолың тоңады.

(Қар)

Жүргізуші: Балалар  далада қар жауып тастапты, Жаңа жыл келе алмай жатыр. Қарды тазалап, жаңа жылға жол ашайық.

Ойын: «Қар тазалау ойын-жарыс»

Ойын: «Аққала  құрастыру »

Би: «Кішкентай жұлдыздар» қыздардың орындауында қабыл алыңыздар.

Би: «Аққала » ұлдардың орындауында қабыл алыңыздар.

Аяз атамен ойын: « Қатып қал »

Аяз ата: Ой балалар жарайсыңдар мен сендерге қуанып отырмын.өнерлерін өрлей берсін.
Жүргізуші: Аяз ата балалар өз өнерлерін көрсетті, енді сізден сыйлықтар күтіп отыр.

Тақпақтар

Айым

Жылдың әнін  бастайын,

 

Аяз –ата кеп қалды.

Майысады жас қайың,

Көтере алмай көп қарды.

Бекжан

Оралдың  өлкеме,

Жаңа жыл армысың





Орынды ақ көрпеге,

Асқар тау,қарлы шың.

Айназ

 Ақ қырауға малынған

Сақалы да мұрты да.

Аяз ата сағынған

Сәлем берді жұртын

 

 

Мансұр

 

Безендіріп шыршаны

 

Жыл қуантты баршаны.

 

Той-маскарад басталды,
Аяз оны басқарды.

Камила

Аппақ тонға оранып,

Базарлықты мол алып

Келді алыс сапардан,

Аяз ата оралып.

Азиза

Қалып едік сағынып,

Күтіп алдық  жабылып.

Жолын қойдық жарық қып,

Шыршаларға шам іліп .

Алинұр

Тілимін мен бар әлемге

Дос көп болсын жаңа- жыл

Ата-әже , ата-әже

Құтты болсын жаңа жыл

Абдулаһ

Жаңа жылым мол болсын

Басқан қадам оң болсын

Төрле,төрле жаңа жыл

Бізге құтты жол болсын

Айсезім Б

Аяз-ата ақ сақалды ,

Ақ таяқты паң ата

Асып өтіп асқар тауды

Жеттің  бізге таң ата

Азима

Жапалақтап ақша қар

Жауды күнде қайталап

Қырға шықты  балалар

Шаңғаларын арқалап

Ханбибі

Аяз келды қаһарлы

Айналаны қар жапты.

Ақ тон киіп орман тұр

Дәл атамдай салмақты

Аяна

Жаңа жыл , жаңа жыл

Жаңа жылда-жаңа жыр.

Жасыл шырша  жанында

Жадырап бар бала жүр

Сара

Тамаша .тамаша

Шыршамыз тұр жараса

Басында әсем жұлдызы

Көз  тоймайды қараса

КАУСАР

Жасыл желек жамылған

Асыл моншақ тағылған

Міне сұлу шыршамыз

Көптен күтіп сағынған

Кел Балалар келіндер

Тамашаны көріңдер

Нұрали

Жаңа жыл жаңа жыл

Жаңа жылға жаңа жыр

Жасыл шырша жанында

Билеп барлық бала жүр

Айдай

Жаңа жылым мол болсын

Басқан қадам он болсын

Төрле төрле жаңа жыл

Бізге Құтты жыл болсын

Асылым

Жасыл желең жамылған

Асыл моншақ тағылған

Міне сұлу шыршамыз

Көптен күтіп сағынған

М Айсезім

Тілимін мен бар әлемге

Дос көп болсын жаңа- жыл

Ата-Әже Әке шеше

Құтты болсын Жаңа жыл

Амир

Жылдың әнін бастайын

Аяз-ата кеп қалды

Майысады жас қайың

Көтере алмай көп қарды

Т Айару

Оралдың өлкеме

Жаңа жыл армысың

Оранды ақ көрпеге

Асқартау қарлы шың

Е Айару

Ақ қыраға малынған

 

Сақалыда мұртыда

Аяз ата сағынған

Сәлем берді   жұртына

Ерасыл

Апақ тонға оранып

Базарлықты мол алып

Келді алыс сапардан

Аяз ата оралып

Оспан

Қалып едік сағынып

Күтіп алдық жабылып

Жолын қойдық жарық қып

Шыршаларға шам иліп.

Аяз ата: Сыйлықтарым ұнады ма балалар?! Біз енді қайтайық. Мені басқа балалар күтіп қалды. Көріскенше балалар.

Жүргізуші:

Жылда осылай келеді,

Көп қуаныш береді

Шашу етіп біздерге,

Ақ күмісін төгеді.